jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "220 млн теңге айыппұл": Құралай Анарбекова фильмін заңсыз көрсеткендерді сотқа берді

    Құралай Анарбекова
    Құралай Анарбекова. Фото: instagram.com/kuralay_corich/

    Отандық танымал кинопродюсер Құралай Анарбекова "Брат или Брак 3" фильмінің "пират" нұсқасын таратқандарды сотқа берді. Өнер иесі заңсыз әрекетке барғандардың үстінен 220 млн теңге айыппұл салдырмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Құралай Анарбекова кино саласының өкілі болғандықтан мұндай жағдайдың орын алатынын алдын ала болжап, тиісті шараларды қолданған екен.

    "Бұл жағдай бізді алаңдатты. Мен мұндай жағдай боларын алдын ала болжап, фильмді заңсыз көрсетуге қарсы компанияны жалдадым. Телеграм немесе тағы да басқа да әлеуметтік желілерде шығып жатса, бірден парақшасы бұғатталады. Қазіргі уақытта киномыз желіде жоқ. Бірақ кейбір Telegram-каналдарға шығыпты. 2-3 мың қаралым болған парақшаларды таптық. Енді нақты ол адамды сотқа беріп, үстінен 220 млн теңге айыппұл салдырып жатырмыз", - деді кинопродюсер "Revue News" бағдарламасында.

    "220 млн теңге айыппұл": Құралай Анарбекова фильмін заңсыз көрсеткендерді сотқа берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.