jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жанар Айжанова өнер жұлдыздарына ерекше ауызашар берді (видео)

    Жанар Айжанова
    Жанар Айжанова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова өнердегі жақын жандарының басын қосып, мейрамханада үлкен ауызашар берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Жанар Айжанованың берген ауызашары аса ерекше форматта өткен. Өнер иесі қонақтарына қазақи нақышта киініп келуге шарт қойған. Әншінің Қасиетті Рамазан айында берген ауызашарына шақырылған жұлдыздар арасында Азамат Сатыбалды, Ерғали Әбдірайымов, Қуандық Шәкіржанов, Шахизада Байбатжанова, Гүлзира Айдарбекова, Төреәлі Төлепов, Балғынбек Имаш, Нұрғали Нүсіпжанов, Мөлдір Әуелбекова және т.б болды.

    Сонымен қатар ауызашар кезінде өнер иелері қазақтың ұлттық ойындарына қатысып, түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді.

    Жанар Айжанова әр жұлдызды қонағына арнайы сый-сыяпатын да дайындап қойған. Өнер иесі түрлі бағалы заттар тарту етіп, аса сыйлы жандарға ұлттық үлгідегі шапан жапты.

    Ауызашар кезінде шоу-бизнес өкілдері өнер көрсетпеді. Айжанова бұл кеште әртістер демалып, концертті көрермен ретінде тамашалауын қалаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.