jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бірлігімізді көрсетейік": Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарға көмектесуге шақырды

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

    Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген елімізде болып жатқан төтенше жағдайға бей-жай қарамай, халықты қиын жағдайда қалған отандастарға көмектесуге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Димаш Құдайберген еліміздің бірнеше өңірінде болған су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған қазақстандықтарға қолдау білдіріп, көпшілікті көмек қолын созуға шақырды.

    "Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен.

    Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз. "От пен су - тілсіз жау" - қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын", - деп жазді әнші Instagram парақшасында.

    "Бірлігімізді көрсетейік": Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарға көмектесуге шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.