jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Осы заманның нағыз батыры": Динара Сұлтанның күйеуі зардап шеккендерге 100 млн теңге аударды

    Динара Сұлтан күйеуімен
    Динара Сұлтан күйеуімен. Фото: Instagram/dinara_sultan1

    Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Өнер иесінің жолдасы бүгінде су тасқынынан зардап шеккендерге барынша көмектесуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Динара Сұлтан күйеуі екеуінің жаңа суретін Instagram парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының алма ағаштарын отырғызу шарасына қатысқанын көруге болады.

    Сонымен қатар өнер иесі жолдасының видеосын жариялап, бүгінде оның су тасқынынан зардап шеккендерге барынша көмектесіп жатқанын хабарлады. Белгілі болғандай, әншінің күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына 100 млн теңге көлемінде көмек аударған.

    "Осы заманның нағыз батыры- менің жарым деп қойсаң. Бүгінгі таңның тілсіз жауымен айқасу өте қиын болып тұр. Десе де көмек ұшын созып жатқан отандық кәсіпкерлерімізге Алла разы болсын деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы деп тілеймін", - деп жазды Динара Сұлтан.

    "Осы заманның нағыз батыры": Динара Сұлтанның күйеуі зардап шеккендерге 100 млн теңге аударды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.