jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Өкінішті сезіндім": 36 жасқа толған Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жан сырын ақтарды

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 36 жасқа толды. Өнер иесі өз туған күнінде желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімова 36 жасқа дейін қандай сезімдерді өткергенін айтып, өзін көп адам түсінбегенін жеткізді. Алайда өнер иесі басынан өткен түрлі жағдайға қарамастан қазіргі күйі өзіне қатты ұнайтынын айтты.

    "Өлшеулі өмірімнің 36-баспалдағына шықтым! Осы жасқа келгенше жақсы өткіздім бе, жаман өткіздім бе, өмірдің біраз жылдары артта қалды. Таңдану, алдану, қуаныш, өкініш, қызығу, құштарлық, жиіркеніш, ынтықтық, ах ұру, бейғамдық, сабырлық, жеңілу, жеңіске жету, қошеметке бөлену, жылау, асығу, төзу, ризашылық, тәубе ету, бақыт. Осы сезімдердің барлық-барлығын да шыңына жете сезіндім.

    Адам боп туғаннан кейін өзгеру заңдылық. Әр жасымда әр түрлі болғаным да рас. Ортама, сана деңгейіме тән әрекет етіп, өмір сүрдім. Расында түсінгендер де, түсінбегендер де көп. Бірақ білесіз бе, менің дәл осы жасымдағы күйім өзіме қатты ұнайды. Ата-анам аман, бауырларым бүтін, санам тұнық, ұлдарым өсіп, әдемі әңгіме айтатын, қыздарым өзіммен сырласатын сәттемін. Ең бастысы күн сайын жаратушыммен жымия сөйлесемін. Шүкір. Шыр етіп, жарық дүниеге келген сәтімнен бастап, өзіме берілген барлық эмоцияға дән ризамын", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

    "Өкінішті сезіндім": 36 жасқа толған Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.