jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның сотта жария болған "өсиеті" туралы пікір білдірді

    Назым Қаһарман
    Назым Қаһарман. Фото: instagram.com/nazymkakharman

    Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Instagram-да сотталушының туыс інісі Бақытжан Байжановтың телефонын зерттеу барысында табылған "өсиетке" қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Таяуда Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотта екінші сотталушы Бақытжан Байжановтың телефоны қаралған. Телефондағы видеолардың бірінде "өсиет" жазылған. Прокурор телефоннан Байжанов "Бишімбаевтың өсиеті" деп атаған видеоны тапты.

    Жазба қосылған сәтте кадрдағы Бишімбаевтың дауысына ұқсас ер адам: "Барлық есепшотымды, байлығымды балаларыма арнаймын, сыйлаймын. Назым (Бишімбаевтың бұрынғы әйелі – авт. ескертпесі) мен менің балаларыма – Мансұрға, Кәрімге және Ранияға" дейді.

    Жазбаға қатысты Бишімбаевтың өзі де пікір білдірді.

    "Қолымда пышақ бар кезде ұстаған сәті, қолымды бұрап, пышақты тартып алды, мен еденде отырып Бақытжанға: "Егер әлденеге тап болсам, ата-анама, Назымға жеткізіп бар. Егер алда-жалда бірдеңеге ұрынып жатсам, балаларыма қамқор болсын" дедім", - деп пікір білдірді Қуандық Бишімбаев.

    Бұл өсиетке қатысты Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман пікір білдірді.

    "Сөз, сөз, сөз. Әрекет маңызды! Жалпы адам баласы әрекетімен мойындалуы керек деп есептеймін, ал ауызбен әр нәрсені айта беруге болады!" - деп жазды ол.

    Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаев бала қағып кеткен деген қауесетке қатысты да пікір білдірген.

    "Баланы қағып кетті дегенге қатысты көп сұрақ қойылды, мен білмейді екенмін", - деп жазды ол.

    "Бірінші әйелі туралы, олардың өмірі мен ажырасуы – барлық сұрақты осы некедегілерге қойыңыздар, мен ол жақта болмадым. Бір айта аларым, мен ажырасқан адамға тұрмысқа шықтым, әйелі қайтыс болған адамға емес. Олардың ортақ баласы бар", - деп жазды Назым Қаһарман.

    Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның сотта жария болған "өсиеті" туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.