jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ыңғайсыз сезініп жүрміз": "Алашұлы" тобы су тасқынына қатысты жаңа ән шығармақ

    Алашұлы тобы
    Алашұлы тобы. Видеодан кадр: Instagram/ alashuly_group

    "Алашұлы" тобы елдегі қиын-қыстау кезеңге қатысты ән жарыққа шығармақ. Топ мүшелері тыңдарманға жақын арада бейнебаян да ұсынғалы отыр.

    Жаңа туынды жайлы "Алашұлы" тобының мүшесі Мақсат Рахмет топтың Instagram желісінде хабардар етті.

    "Біраз отандастарымыз үйін су шайып кетіп, қиналып жатқан кезде жария болсын, жасырын болсын қолымыздан келгенше ақшамызды аударып, көмегімізді беріп, дұғамызға қосып жатқанмен, сол жерде қолымызға күрек ұстап, қапқа құм салып, соларды тасып, сол жерде табылмағаннан кейін ер азамат ретінде ішімізде ыңғайсыз сезім болады.

    Сол сияқты өзін ыңғайсыз сезініп жүрген қаншама отандастар бар. Бірақ біз расында сол қиындық көріп жатқан әр азаматпен біргеміз", - деді ол.

    Осы орайда "Алашұлы" тобы бейнебаянға атсалысқаны үшін "Ұлытау" этно-рок тобы мен кішкентай өнерпаздарға алғыс білдірді.

    "Ыңғайсыз сезініп жүрміз": "Алашұлы" тобы су тасқынына қатысты жаңа ән шығармақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.