jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ағасы өмірден өтті

    Динара Сәтжан мен ағасы
    Динара Сәтжан мен ағасы. Фото : Instagram/ dinarasatzhan

    Отандық тележүргізуші Динара Сәтжанның ағасы өмірден өтті. Қаралы хабарды журналист Instagram парақшасында жазды.

    Динара Сәтжан марқұм ағасы мейірімді жан болғанын атап өтті.

    "Рашид ағам өмірден озды…Өте мейірімді таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңа-Арқада біз апам үшеуіміз НЛО көргенбіз. Рас айтамын. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр…", - деді тележүргізуші.

    Көпшілік журналистің қайғысына ортақтасты.

    "Иманды болсын", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазды олар.

    KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

    Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ағасы өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.