jitsu gif
Шоубиз

    "Арабқа тұрмысқа шығып кетпеңдер": Құралай Нұрқәділованың анасымен түскен видеосы жұртты сүйсінтті

    Құралай Нұрқаділова
    Құралай Нұрқаділова. Фото: "Жүрек сөзі" бағдарламасы

    Отандық дизайнер Құралай Нұрқәділова шет елден оралған соң анасымен кездескен сәтін көрсетті. Ол видеоны Instagram парақшасына жүктеді.

    Құралайдың айтуынша, ол балаларымен Дубай қаласынан бірнеше күн бойы қайта алмаған.

    "Анам дауылдан кейін 5 күн бойы елге оралай алмай қалғанымызға қатты уайымдады. Күллі Қазақстан мен әлем суға батып жатыр. Бекем болыңыздар" ,- деп жазды Заманбек Нұрқәділовтің қызы..

    Ал видеода дизайнердің анасы қызына қатты алаңдағанын айтады.

    "Рас па, өтірік пе? Қазақстанның суынан қашып, Дубайдың суына бардың. Аман-есенсіңдер ме?Ауырған жоқсыңдар ма? Енді шет елге шықсаңдар, мені алып кетіңдер, қорғап жүремін. Дубайды көремін: жерде қайықпен жүр, ұшақтар суда тұр.

    Қазақстаннан қашып, мына қыздың барған жерін қара. Не тындырдыңдар? Арабқа, бір шейхтың ұлына тұрмысқа шығып кетпеңдер", - дейді ол.

    Көпшілік жазба астына түрлі пікір жазып қалдырды.

    "Анасы сұлу екен", "Анаңыз әлі де сымбатты екен", "Керемет, жарасымды", "Аман болыңыз", "Өте керемет ана екен", - деп жазды олар.

    "Арабқа тұрмысқа шығып кетпеңдер": Құралай Нұрқәділованың анасымен түскен видеосы жұртты сүйсінтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.