jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео)

    Серікбол Сайлаубек әйелімен
    Серікбол Сайлаубек әйелімен. Видеодан кадр: Instagram/serikbol_sailaubek

    Қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді. Күні кеше өнер иесінің үйлену тойы дүркіреп өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Серікбол Сайлаубектің отбасын құрғанын белгілі отандық асаба Руслан Искаков хабарлады. Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялап, дүбірлі тойдың қалай өткенін көрсетті.

    Әншінің қуанышына тек ет-жақындары мен өнердегі достары ортақтасып келген. Танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ахметжан Есімов, Ұланғасыр Қамиев және т.б бар.

    Белгілі болғандай, Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен. Алайда өнер иесінің келіншегі жайлы әзірге басқа ақпарат жоқ.

    Әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына үйлену тойынан видео жүктеген жоқ.

    Айта кетейік, бұл Серікбол Сайлаубектің екінші некесі болды. Шоу-бизнес өкілі бірінші әйелімен ажырасып кеткенін өткен жылы хабарлаған болатын. Өнер иесінің бірінші некеден 4 баласы бар.

    Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.