jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова ерекше фотосессия жасады

    Мақпал Исабекова
    Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

    Бүгінде екінші перзентін күтіп жүрген Мақпал Исабекова аяғы ауыр болған сәтті мәңгі есте сақтап қалу үшін табиғат аясында ерекше фотосессия жасауды ұйғарған. Өнер иесі жаңа суреттерін бірден оқырмандарына көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Исабекова жаңа фотосессиясының кадрларын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда аяғы ауыр әншінің табиғат аясында суретке түсіп жатқанын көруге болады. Өнер иесі ашық образды таңдап, шығып қалған ішін қалың көпшілікке көрсетуді шешкен.

    "Бұл фотографпен екі жылда бір рет осылай кездесіп тұратынымыз бар. Екі жыл бұрын Теодорға аяғым ауыр кезде гүлді бақтарға барып, керемет фотосессия жасаған едік. Негізі бұл маманмен ішің пыспайды. Осы жолы ол "әдемі жерге барып суретке түсейік" деп өзі жазды. Менің жиналуым тым ұзақ. Керемет естеліктер үшін саған алғыс айтамын", - деп жазды Исабекова.

    Желі қолданушылары әншінің фотосессиясын қызу талқылап, оған жылы лебіздерін білдірген. Көпшілік өнер иесіне жүктілік жарасатынын жазып, оның әдемілігіне тәнті болған.

    Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова ерекше фотосессия жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.