"Қабылдамаймыз": Салтанат Нүкенованың әкесі Байжановқа қатысты сот үкімі туралы пікір білдірді
Опубликовано:
Читать на русском
Салтанат Нүкенованың әкесі 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевқа және 4 жылға сотталған Бақытжан Байжановқа қатысты сот шешіміне пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Екі дүниеде де кешірім болмайды. Біз Бишімбаевқа берілген 24 жылды қабылдағанмен, бірақ Байжановқа берілген 4 жылды қабылдамаймыз", - деді Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов.
Салтанаттың әкесі қолдау көрсеткен барша жұртшылыққа алғысын білдіріп, Қуандық Бишімбаевқа жазаның қатаңдатылуын қалайтындарға да жауап берді.
"Қолдаған барша халыққа рахмет, бүкіл әлем қолдады. Өте аз мерзім берілді дегендерге айтарым, мешітке барып, дұға тілеңіз. Құдай оған өз жазасын береді. Біз соттың шешіміне ризамыз, менің ойымша, судья әділ шешім қабылдады", - деді Амангелді Нүкенов.
Бүгін, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды, оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Бишімбаев неге өмір бойына сотталған жоқ: прокурор жауап берді
- Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті тек 2040 жылы бере алады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2099855-qabyldamaimyz-saltanat-nukenovanyng-akesi-baizhanovqa-qatysty-sot-ukimi-turaly-pikir-bildirdi/