jitsu gif
Шоубиз

    "Мүмкіндігінше": Нүкенованың отбасы Бишімбаев жазасын өтеп жатқанын қадағалай ала ма

    Айтбек Амангелді мен Салтанат Нүкенова
    Айтбек Амангелді мен Салтанат Нүкенова. Фото: Instagram/aitym

    Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі туралы әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирде отырып, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімімен келісесіз бе деген сұраққа жауап берді.

    "Иә" дегеннен гөрі "жоқ" деген жауап басымырақ. Алайда 24 жылда, ол 68 жаста болады. Шартты түрде босату туралы өтінішті мерзімінің 2/3 бөлігі өтелгеннен кейін бере алады, ол кемінде 16 жыл отыруы керек.

    Соңы қалай боларын білмеймін, олар (Бишімбаевтың адвокаттары – ред. ескертпесі) апелляциялық шағым түсіре ме, жоқ па оны да білмеймін, бірақ 24 жыл өмір бойына бас бостандығынан айырылады. 16 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берсе, бізге хабарласып, пікірімізді сұрайды. Ол уақытқа дейін ол өмір сүре ме, жоқ па ешкім білмейді. Десе де, түрме — демалыс орны емес, оның үстіне қауіпсіздігі жоғары режимдегі мекеме", - дейді Айтбек.

    Сондай-ақ ол осы уақыт ішінде ата-анасына қиын болғанын айтты.

    Желі қолданушыларының бірі Нүкенованың отбасы Бишімбаев жазасын өтегенін қадағалай ала ма деп сұрады.

    "Мүмкіндігінше, әрине", - деп жауап берді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.