jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Мінезі өзгере бастады": Жігер Ауыпбаев қойшы баламен неге араласпай кеткенін айтты

    Жігер Ауыпбаев пен Айдос Каден
    Жігер Ауыпбаев пен Айдос Каден. Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official

    Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзі сахнаға шығарып, көпшілікке танымал еткен қойшы баламен бүгінде араласпай кеткенін айтты. Өнер иесі әнші жігіттің өтпелі кезеңде жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жігер Ауыпбаев үш ай қарқынды жұмыстан кейін қойшы баланың мінезі өзгере бастағанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде онымен араласпай кетсе де, алдағы уақытта қалпына келгеннен кейін қайта оралар деп үміттенеді.

    "Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен қойшы баланы үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да, ұстазы ретінде қайда барсам бірге ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей. Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан едім. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады", – дейді Ауыпбаев "ХабарLike" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.