jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Анам жылап қалады": Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесін сағынышпен еске алды

    Бағлан Әбдірайымов
    Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/ baglan_abdraimov_official

    Отандық эстрада жұлдызы Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады. Ол жақынына деген сағынышын Instagram желісіндегі парақшасында білдірді.

    Өнер иесі Құрбан айтты биыл алғаш рет әкесінсіз қарсы алып отыр.

    "Құрбан айт мерекесі әкемсіз. Ауылға келгелі келім-кетім үзіліп жатқан жоқ. Құран бағышталып, "әкең жақсы адам еді" деген жылы сөз жаныма қуат береді. Анам жылап қалады. Өмір ғой, Құдайға өкпе жоқ, бұған да шүкір деп, қой сойып, тәтем екеуміз турап, қуырдаққа дайындап жатырмыз", - деп жазды әнші.

    Өз сөзінде Бағлан Әбдірайымов әкесінің атына кір келтірмеуге уәде берді.

    "Жаның жәннатта болсын, әке! Сағындым! Сіз жақ қалай? Оқылған құран, жасалған дұға барып жатыр ма? Қабіріңіз құран нұрымен нұрланып жатыр ма? Алладан үміт етемін. Біз жақ баяғыша, сол қалпы. "Тіршілігің қалай?" деп сұраушы едің. Сол қалпы, әке! Сіз кеткелі бірнәрсені үйрендім. Қасқайып, тірі жүруді. Уайымдай беруді қойдым. Ақыры өмірдің соңғы нүктесі осы болса, не үшін жанталасып, арпалысып жүрмін? Ниетімді түзеп ап, Аллаға тапсырып жүріп жатырмыз.

    Бастысы, атыңа кір келтірмеуге уәде беремін. Біз жақ осындай, әке. Артыңда қалған бала-шағаң аман болсын! Өсіп-өніп, түтініңді сөндірмейміз. Келесі кездескенше күн жақсы. Бізде бәрі жақсы, әке!" , - деп жазды ол.

    "Анам жылап қалады": Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесін сағынышпен еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.