jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ханбибі Есенқараева: күйеуім Нурикамалға үйленгенде үшеуміз де бақытты болар едік

    Ханбибі Есенқараева
    Ханбибі Есенқараева. Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

    Қазақстандық танымал ақын Ханбибі Есенқараева марқұм күйеуі, "Нурикамал" әнінің авторы Тұрдықылыш Ізтаевты еске алды. Өнер иесі жолдасының соңғы жылдарынан сыр шертіп, балаларының әкесіне деген көзқарасы қандай болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ханбибі Есенқараева жолдасының басқа отбасын құрғаны балаларына ауыр тигенін жасырмады. Олар әкесіне бар мүлікті берген анасына да шүйлікен екен.

    Есенқараева жолдасы кезінде Нурикамалға үйленгенде "үшеуміз де бақытты болар едік" деп айтты.

    "Кетерінде бәрін беріп кеттім ғой. Кейін әйелінің сұратқан дүниелерін де бердім. Қызым қатты ашуланды. Сонда мен "бер, оның тарихы да жоқ, болашағы да жоқ. Тарихы сендер едіңдер, өз қолымен сызып тастады. Болашағы анау, алған әйелі 20 жылдан бері неге тумайды?" дедім. Баласы жоқ адамның болашағы бар ма? "Ал сенің болашағың алдыңда" дедім. Оның тағдыры аянышты, оны табаламаймын, ол жаман қолға түсті. Нурикамалға үйленгенде үшеуміз де бақытты болар едік.

    Бірақ сол қайтыс болғанда хостелден шығарыпты. Ол кезде мен ауруханада жатқанмын. Қыздарыма да "әкелеріне ренжімеңдер" деп айтамын. Ол тастаса мені тастады. Балаларын тастай алмайды ғой. Олар "бізді де тастады, бір рет келіп қалымызды білген де жоқ" дейді. Кішкентай қызым ол кезде алтыншы сыныпта оқитын еді", – деді ақын "Менің өмірім" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.