jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "6 айда екі қимасымнан айырылдым": Наркенже Серікбаеваның әсерлі жазбасы елді жылатты

    Наркенже Серікбаева
    Наркенже Серікбаева. Видеодан кадр: "Пікір Like" бағдарламасы

    Қазақстандық танымал әнші Наркенже Серікбаева желіде аса әсерлі жазба жариялап, елді жылатты. Өнер иесі алты айда екі бірдей жақын адамынан айырылып қалғанын айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Наркенже Серікбаева марқұм жақындарына деген сағынышын Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Өнер иесі бір жылда анасы мен күйеуінен айырылған еді.

    Шоу-бизнес өкілі өмірден өткен жақындарын сағынғанда олармен сырласа алмайтынына күйінді.

    "Кенжегүл деген атымды жүк көтерер нардай болсын деп Наркенже деп атауында да мән бар-ау. Тағдырдың түрлі сынағынан өтіп келем. Күлдіреді, жылатады, құлатады, күн батады, таң атады. Өтіп жатқан өмір. Дөңгеленген дүние, дүниеге кім ие?!

    "Өмірден өткендерден бір хабар жоқ, жағдайы ана жақтың қандай екен?" деп осы термеде айтылғандай. 6 айда екі қимас адамдарымнан айрылдым. Ана жаққа барып келген ешкім жоқ қой. Дегенмен, кейде сағынғанда жағдайларын сұрағың келеді екен. Сырласқың келеді екен. Бұл термемен молдаларды сынағым жоқ, бірақ өзім түсінбейтін, білмейтін дүниелерді сұрағым келеді", - деп жазды әнші.

    "6 айда екі қимасымнан айырылдым": Наркенже Серікбаеваның әсерлі жазбасы елді жылатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.