jitsu gif
Шоубиз

    Ninety One тобының тағы бір әншісі жақында әке атанбақ (фото, видео)

    Дулат Мұхаметқалиев әйелімен
    Дулат Мұхаметқалиев әйелімен. Фото: Instagram/zaqcount

    Ninety One тобының мүшесі Дулат Мұхаметқалиев отбасындағы қуанышты жаңалықты жария етті. Қалың көпшілікке Zaq лақап атымен рэп орындаушы жақында әке атанбақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дулат Мұхаметқалиев әйелі екеуі тұңғышын күтіп жүргенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Болашақ ата-ана ерекше отбасылық видео жариялап, жаңалығымен оқырмандарын қуантты.

    Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қатты қуанып, оларды жарыса құттықтай бастады.

    "Бақытты болыңыздар", "Қандай керемет жаңалық", "Топ мүшелері бірінен соң бірі балалы болатынын хаьарлап жатыр. Келесі кезек кімде?", "Сендер керемет ата-ана боласыңдар", "Сіздер үшін сондай қуаныштымын. Өмірдің жаңа тарауы басталды", "Сіздер мен үшін нағыз шынайы махаббаттың символысыздар. Бөпелерініз аман-есен дүниеге келсін, жақсы көремін", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін Ninety One тобының тағы бір әншісі Батырхан Мәліков те жақында әке атанатынын жария еткен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.