jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "14 жаста жаздым": Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған әнге қатысты мәлімдеме жасады

    Ажар Түзелбекқызы, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа
    Ажар Түзелбекқызы, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/ roza_alqozha

    Отандық әнші, сазгер Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған "Сағындым сені" әніне қатысты мәлімдеме жасады. Өнер иесі әншілерді әнді орындау үшін рұқсат сұрауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Эстрада жұлдызы біршама уақыт жарыққа шыққан туындысы туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    "Сағындым сені. Он төрт жасымда жазған әнім. Кейінірек марқұм Ажар Түзелбекққызы ұнатып алып, сөзін Исраил Сапарбай аға жазды. Қазір қазақ-қырғыз арасында кеңінен тараған бұл әнді орындаушылар көбі қуантады.

    Бірақ кішкене сый-құрмет болуы қажет. Авторын атап өтіп, не жазып қоюға болады. Сосын әнді орындамас бұрын автордан рұқсат алу қажет екенін ұмытпаңыздар! Авторлық құқық деген болады. Орындаушысы қайтыс болғанымен авторлар бармыз!" - деді әнші.

    Мұны көрген желі қолданушылары Роза Әлқожаны қолдай кетті. Олардың арасында танымал туындының авторы Роза Әлқожа екенін білмейтіндер де табылды.

    "Өзіңіз айтсаңыз да болады ғой", "Жүрекке жеткен ән", "Мәссаған, сіздің әніңіз бе?", "Керемет", - деді желі оқырмандары.

    "14 жаста жаздым": Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызы орындаған әнге қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.