jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Досым деп жүріп, домалақ арыз жазып": Мейрамбек Бесбаев 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

    Мейрамбек Бесбаев пен Қайрат Нұртас
    Мейрамбек Бесбаев пен Қайрат Нұртас. Фото: Instagram/m_besbaev

    Қазақ эстрадасының дүлділі Мейрамбек Бесбаев басы дауға қалып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді. Әнші өнердегі інісіне желіде жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мейрамбек Бесбаев елдің қызу талқысына түскен Қайрат Нұртастың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында достық туралы сыр шертті. Өнер иесі 15 тәулікке қамалған інісіне қолдау білдіріп, ағалық ақылын айтты.

    "Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті", - деп жазды Бесбаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.