jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Райм - тыңдаушы": Ерке Есмахан күйеуі мен анасының қарым-қатынасы туралы айтты

    Ерке Есмахан мен Райм
    Ерке Есмахан мен Райм. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Отандық танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм мен анасының қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Өнер иесінің айтуынша, екеуінің әңгімесі таусылмайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық отырыстың видеосын жариялаған. Онда әншінің жолдасы Райм анасымен шай үстінде әңгімелесіп отырғанын көруге болады.

    "Мама мен Райм ылғи не әңгіме айтып отырады екен деп тыңдап көргенмін ғой. Райм - тыңдаушы. Маманың бүкіл өмірбаянын біледі. "Айттым ба?" дейді. Райм "иә, айттыңыз" десе де қайтып айтып отырады. Жаным анашым, жүз жасашы", - деп жазды Ерке Есмахан.

    Өнер иесі екі жақын адамының өзара сыйластығына сүйсініп отырғанын жасырмады.

    "Райм - тыңдаушы": Ерке Есмахан күйеуі мен анасының қарым-қатынасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.