jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "1 сағатта билеттің 30 пайыздан астамы сатылған": Димаш Құдайберген Астанада жеке кешін өткізбек

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке кешін өткізеді. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

    Әншінің айтуынша, концерт 13 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында өтеді.

    "Ел аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тез арада қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, баршаңызды сағындым", - дейді Димаш Құдайберген видеода.

    Айта кетейік, Stranger атты шоудың билеттері бүгін, 22 шілде күні сатылымға шықты. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамы сатылып кетті.

    "Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер Small, Spar желілері", - деп жазды әнші.

    "1 сағатта билеттің 30 пайыздан астамы сатылған": Димаш Құдайберген Астанада жеке кешін өткізбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.