jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Құны – 31 млн теңге: актер Мақсат Рахмет cалоннан жаңа көлік сатып алды (видео)

    Мақсат Рахмет автосалонда
    Мақсат Рахмет автосалонда. Видеодан кадр: Instagram/maksat_rahmet

    Отандық танымал әнші әрі актер Мақсат Рахмет өзіне қымбат сыйлық жасады. Өнер иесі салоннан су жаңа автокөлік сатып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышы қойнына сыймаған Мақсат Рахмет бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әнші Bavaria авто орталығынан видео түсіріп, жаңа темір тұлпарын қалың көпшілікке көрсеткен.

    Өнер иесінің таңдауы BMW5 G30 маркалы көлігіне түскен. Ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, оның құны 31 млн теңгені құрайды.

    "Ауылда асық ойнап жүрген Мақсат бүгін арман қуып, Алматыға келіп, мақсатына жеткен Мақсат болды. Аллаға мың да бір шүкір, достар. Бавария орталығынан өзіме BMW автокөлігін сатып алдым. Өзіме сыйлық жасадым. Армандар орындалады екен! Ұнатқандарға жұғысты болсын. Тілеулес болып, мотивация берген отбасыма, достарыма, командама, жақындарыма рахмет", - деді актер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.