jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Не айыбы бар": Қайрат Нұртастың әкесі "баласымен жағаласып жүр" деп сынағандарға жауап берді

    Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова
    Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков өзінің тойға шығып, өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. Әншінің әкесі өзін "баласымен жағаласып жүр" деп сынайтындарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұртас Айдарбеков бастапқыда бұл сөздер өзіне әсер еткенін жасырмады. Алайда уақыт өте, ойлана келе оларға мән бермейтін болған.

    "Аптасына бір-екі тойға барып қоямыз. Қолдан келгенше билетіп, көңілдерін көтеріп қайтамыз. "Балаңмен жағаласып, анау-мынау" дейтіндер бар. Біз енді қазақпыз ғой, ал басқа ұлт, мысалы орыстар болса, 55-60 жасында ән айтып шықса да көтеріліп кете алады. Менталитеттері басқа. Ал біздің қазақ "біреумен жағаласып" деп айтса, ойланып, отырып қалады.

    Негізі ойланып қарасақ, мысалы, біреу мұғалім дейік, оның баласы ұстаздық жолды қуса, бұл да жағаласқан болып есептеле ме? Әркімнің өзінің жолы, жөні бар. Дәрігердің баласы дәрігер, мұғалімнің баласы мұғалім болса, оның не айыбы бар? Осылай деп ойладым да, айтқандарды көңілге алмайтын болдым", - деді Қайрат Нұртастың әкесі "Әсембике" бағдарламасында берген сұқбатында.

    "Не айыбы бар": Қайрат Нұртастың әкесі "баласымен жағаласып жүр" деп сынағандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.