jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Азамат Сатыбалдының "Қазақфильмнен" кететіні рас па

    Азамат Сатыбалды сұқбат беруде
    Азамат Сатыбалды сұқбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Massaget TV

    Әлеуметтік желіде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен кететіні жөнінде ақпарат тарады. KAZ.NUR.KZ тілшісі істің анық-қанығын білу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне сауал жолдады.

    Азамат Сатыбалдының "Қазақфильмнен" кететіні туралы ақпарат Telegram-дағы Pro кадры kz арнасында жарияланды.

    "Ulysmedia дереккөздері Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды қызметінен кететінін хабарлайды. Оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Сатыбалдының өзі кетті, әлде жұмыстан босатылды ма, бұл жағы да әлі нақтыланбаған.

    Еске салсақ, актер Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" АҚ басшылығына тура бір жыл бұрын – 2023 жылғы шілденің соңында келген. Ол бұған дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған", - делінген жазбада.

    Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының жұмыстан босатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - делінген ведомство жауабында.

    Айта кетейік, "Қазақфильм" АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шағымданған еді.

    Өз кезегінде "Қазақфильм" АҚ президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды киностудия қызметкерлеріне қатысты даулы жағдайға жауап берді. Өнер иесі бір жыл бойы жалақы берілмей жатқанын айтып жүрген анимация мамандарының шағымы орынсыз екенін жеткізді,

    Азамат Сатыбалдының "Қазақфильмнен" кететіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.