jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Кімнің кім екенін білдік": Қайрат Нұртастың інілерімен түсірген видеосы елді күлдірді

    Қайрат Нұртас әкесі мен інілерімен
    Қайрат Нұртас әкесі мен інілерімен. Видеодан кадр: Instagram/zangaar

    Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың әкесі мен інілерімен түсірген видеосы тарап, елді күлдірді. Бейнежазбада жұлдызды жанұя өкілдері туралы ел білмейтін жайттар айтылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерекше отбасылық видеоны Instagram желісіне Заңғар Нұртас жариялап қойған. Бейнежазбада Нұртас Айдарбеков ерекше тәсілмен ұлдарының бойындағы қасиеттерін айтып шығады.

    Ол ұлдарының артында тұрып, келіні қойған сұрақтарға жауап берген. Соның арқасында көпшілік Қайрат Нұртастың отбасында ең көп кешігетін әрі ең көңілді және жомарт жан екенін білді.

    Әкесінің айтуынша, Заңғар Нұртас ағаларына қарағанда жақсы оқып, үй шаруасына көп көмектеседі. Ал Аян Нұртас жанұясында тамақты ең көп жеп, заттарды жиі жоғалтатын адам екені белгілі болды.

    Желі қолданушылары аталмыш видеоға түрлі пікір қалдырып, қызу талқы ұйымдастырды.

    "Әкесінің қасында үшеуініңде күлкісі, сәби күлкі. Әкелеріне еркелеген құлыншақтар", "Өте күлкілі видео екен", "Сондай ерекше отбасылық сәт", "Бақыт деген осы", "Өте көңілді видео екен. Осындай контент көбірек салып тұрсаңыздаршы", "Кімнің кі екенін білдік", - деп жазуда көпшілік.

    "Кімнің кім екенін білдік": Қайрат Нұртастың інілерімен түсірген видеосы елді күлдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.