jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сынбай жүргені қаншама": Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жалғызбасты аналар туралы айтты

    Ақбота Сейітмағамбет демалыста
    Ақбота Сейітмағамбет демалыста. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Отандық әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет қазіргі уақытта өмір сынағына сынбай жүрген жалғызбасты аналардың көп екенін айтты. Ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында өміріне еш өкпесі жоқ екенін де алға тартты.

    Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өз сөзінде өміріне өкінбейтінін де атап өтті.

    "Өмір болғандықтан, неше түрлі жағдайлар, неше түрлі қиындықтар болады. Өмір ақ пен қарадан тұрады. Бір кездері бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруің мүмкін. Ертесіне бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін. Егер Алла Тағала дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен дәл осы өміріммен өмір сүретін ем. Өйткені мен өміріме өкінбейтін адаммын. "Өкінбе сен" дейді ғой ешқашан. Мен өкінбейтін адаммын.

    Тек қана құлаған-сүрінген сәттерде алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана сен жетістікке жетесің, сол кезде ғана бақытты әрі батыр әйел боласың. Мен сияқты жалғызбасты, екі баласы бар аналар қаншама?

    Мен ғана емес, қаншама әйелдер ажырасып жатыр. Неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Біреу біреудің әйелін өлтіріп жатыр, күйеуі қасақана жасап жатыр дегендей. Бірақ осыған сынбай, сүрінбей, өз бала-шағасын тартып, бауырларына көмектесіп жүрген қаншама әйел бар", - деді актриса.

    "Сынбай жүргені қаншама": Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жалғызбасты аналар туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.