jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Айнымайды екен": Ұланғасыр Қами әнші Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын азаматты көрсетті (видео)

    Ұланғасыр Қами
    Ұланғасыр Қами. Видеодан кадр: instagram.com/ ulangasyrqamiev

    Отандық эстрада жұлдызы Ұланғасыр Қами Instagram желісінде Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын азаматты көрсетті. Көпшілік кадрдағы ер адам мен әншінің ұқсастығына таңғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ұланғасыр Қами жариялаған видеода әншінің халық алдында өнер көрсетіп жатқанын байқауға болады. Бір сәтте кадрда қолына камера ұстаған бейтаныс азамат пайда болады.

    "Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен", - деп жазды Ұланғасыр Қами.

    Ал кадрда бой көрсеткен ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев болып шықты. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.

    "Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаев", - деді ол.

    Ал көпшілік Ерлан Нұртазаев пен Мейрамбек Бесбаевтың ұқсастығына таңғалды.

    "Ол кісі емес пе?", "Мейрамбек ағамыз жалғыз емес екен", "Өткенде мен де қатты ұқсаттым, тойдағы оператор ағай ғой", "Осы кісіні тауып, Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші", "Не деген ұқсастық", "Хит болады енді бұл кісі", "Айнымайды екен", - деп жазды жұрт.

    "Айнымайды екен": Ұланғасыр Қами әнші Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын азаматты көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.