jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыға Илон Масктың анасы келеді

    Илон Масктың анасы Мэй Маск
    Илон Масктың анасы Мэй Маск. Фото: Getty Images/Vivien Kililea

    Америкалық кәсіпкер, Tesla негізін қалаушы Илон Макстың анасы Мэй Маск биыл қазанда алғаш рет Алматы қаласына ұшып келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мэй Маск 17 қазанда Алматыда өтетін BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады. Бұл туралы іс-шараның ұйымдастырушылары хабарлады.

    Қонақ алматылықтармен денсаулық, қартаю, гендерік теңдік, балаларды жалғыз асырау мен қиындықты еңсеріп, өзіңе деген сенімділікті арттыру тақырыбында әңгіме өрбітеді.

    Айта кету керек, Мэй Маск екі ғылым магистрі дәрежесі бар диетология ғылымдарының докторы. Ол 45 жылдан астам уақыт бойы өзінің тамақтану бизнесін басқарады және кеңес береді.

    Маск Оңтүстік Африканың кеңесші диетологтар қауымдастығының бірінші өкілі, Канаданың кеңесші диетологтар президенті және АҚШ-тың тамақтану және диетология академиясының диетология кәсіпкерлерінің төрағасы болды. Сондай-ақ АҚШ-тағы "диетология саласындағы көрнекті кәсіпкер" марапатына ие болды.

    Мэй Маск 15 жасынан батсап модель болып жұмыс істейді. Ол 60 жасында Таймс-сквердегі төрт жарнамалық билбордта бой көрсетті, бұл нағыз рекорд. Ол 69 жасында CoverGirl-дің ең үлкен моделі атанды. Ал 73 жасында Dior Beauty амбассадоры болды.

    Сонымен қатар Мэй АҚШ-тағы мектептерге, отбасыларға және қауымдастықтарға өз тағамдарын өсіруге көмектесетін Big Green коммерциялық емес ұйымының жұмысына белсенді қатысады.

    Алматыға Илон Масктың анасы келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.