jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жалғыз қалғанымды түсіндім": Жахан Отарғалиев екі айда үш ота жасатқанын айтты

    Жахан Отарғалиев
    Жахан Отарғалиев. Фото: instagram.com/zhahan_utargaliev

    Отандық әзілкеш Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр күндерін еске алды. Ол 2023 жылы екі айда бірнеше ота жасатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жахан Отарғалиев бұл туралы Instagram желісінде жазды.

    "2023 жылдың қыркүйегінде маған қатты хейт кетті. "Сөз сүйектен өтеді" деген рас екен. Ауруханадан бір-ақ шықтым, екі айда үш ота болды. Сол кезде денсаулықтың қадірін түсіндім. Негізі кез келген сынақ текке келмейді, өз айтары бар сияқты деп ойлаймын", - деді ол.

    Әзілкеш парақшасына отадан кейін оянған сәтінің фотосын жүктеді.

    "Ал мына фотода жыламсырап жатқаным отадан емес, наркоздан ояна сала көзімді ашсам, айналамда ешкім жоқ. Жалғыз қалғанымды сол кезде түсіндім, оның үстіне операцияның нәтижесін бір апта күту керек болды", - деді Жахан Отарғалиев.

    Өнер иесі осы ретте өзіне қолдау көрсеткен аға-бауырларына алғыс айтты.

    "Шынымен тағдырыма ризамын, қазір "не өзгертер едің?" деп сұраса, "тура сол жолмен қайтып өтіп шығар едім" деп айтар едім. Себебі, ешнәрсеге өкінбеймін. Ол уайымды сіздер білесіздер", - деді ол.

    "Жалғыз қалғанымды түсіндім": Жахан Отарғалиев екі айда үш ота жасатқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.