jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Адам қарапайым болуы керек": Ақбота Керімбекова әнші Нұрболат Абдуллин жайлы ойын ашық айтты

    Ақбота Керімбекова
    Ақбота Керімбекова. Фото: Instagram/botakerim

    Отандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллин жайлы ойын айтты. Ол Adal Adam Youtube жобасына берген сұқбатында қазіргі жас әншілерді сынады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақбота Керімекова өнердегі әріптесінің талантына күмән келтірмейтінін алға тартты. Дегенмен ол эстрада жұлдызымен етене жақын байланыста емес көрінеді.

    "Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзінше бір үні бар. Сый-құрмет жағына келсек, қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұндай көзқараста жалғыз мен емес. Өзі де көрсе, түсінер. Бізде қазір жарқырап шықса, көкіректерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып, амандаспай кететін әншілеріміз бар. Оларды сыйламаймын",- деді ол.

    Ақбота Керімбекова бұл тізімге Нұрболат Абдуллинді де қосып отыр.

    "Нұрболатты сол қатарға қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. "Мына көкірегіңді түсірмесең, біздің жасымызға сен де келесің, артыңнан сенен мықтылар да шығады, адам қарапайым болуы керек" дедім. Басқа-басқа алдыңғы буын-бізге көрсетуі ұят қой", - деді әнші.

    "Адам қарапайым болуы керек": Ақбота Керімбекова әнші Нұрболат Абдуллин жайлы ойын ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.