jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Береке сезіліп тұр": ұлттық нақышта киінген Ерке Есмахан елді тәнті етті (видео)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Видеодан кадр: instagram.com/ erke_esmahan

    Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында ұлттық нақыштағы киіммен видео жариялады. Көпшілік қазақылық иісі аңқыған әншіге оң пікірін жазып қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан ұлтық нақышта киінген Ерке Есмахан мен оюлы дастарханды және көрпелерді аңғаруға болады. Ал әншінің өзі видео астына ұлтқа деген сүйіспеншілікті дәріптеп, жазба қалдырған.

    "Қазақ болып тумағанда не етер ем?! Қазақтың таза қаны, діні, қазақы тәрбие, салт-дәстүрІ, қазақша өнер, тағамы, тіліміз, тарих, қазақша стиль, құндылық ұштасса, сол бақыт! Осының бәрін жақсы көремін! Өзім қазақтың перзенті, қызы, келіні, жары, анасы, әншісі болғаным үшін шүкір айтамын!️ Қазақ болғаныңызға мақтанатын себептеріңіз қандай?", - деді Ерке Есмахан.

    Мұны көрген көпшілік әншінің ұлтына деген махаббатына риза болды. Олар Ерке Есмаханға ақ тілегін жаудырып, оң пікір қалдырды.

    "Әлемі әсемік пен әдемілікке толы", "Қазақи рух және тазалық", "Керемет" , "Қазақи эстетика", "Сізді "нәзіктік" символы дер едім", "Береке сезіліп тұр", "Көз рахаты", "Бақытты болыңдар", "Қазақи тәрбие қанмен беріледі", "Қазақ қызы болғаныма мақтанып кеттім", "Бәрі жарасады", - деп жазды желі оқырмандары.

    "Береке сезіліп тұр": ұлттық нақышта киінген Ерке Есмахан елді тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.