Шоубиз

Зектілері

"Ирина Кайратовна" тобының "30 не аут" жаңа трегі мен клипі жарыққа шықты: туынды не жайында

Жарияланған күні:

"Ирина Кайратовна" — "30 не аут"
Фото: Yandex Qazaqstan

Қазақстандық топ "Ирина Кайратовна" "30 не аут" жаңа трегіне клип түсіріп, жариялады. Бұл туынды 30 жастың кризісіне және экзистенциалды сұрақтарға арналған. Жаңа жобада топ қатысушылары сахнадан тыс уақытта немен айналысады және оларды қандай мәселелер толғандыратынын айтты.

Тректің қайырмасында "В поиске ответов тех самых, быстрых на вопросы, что сам себе задавал" (Өзіме-өзім қойған сұрақтарға сол бір тез жауаптар іздеумен болдым) деген сөздер клип пен тректің бүкіл сюжетіне өрілген. "ИК" қазақстандық трендсеттер-топтың барлық қатысушының жасы орда бұзар отыздың төңірегінде. Олардың жаңа клипі отыз жасқа келген жігіттің толғаныстары, оның жаңа белеске жеткендегі тәжірибесіне, көкейінде жүрген мың сұрағына арналған. Қатысушылар бұл сұрақтарға жауаптатрды Яндекс Іздеуден табады.

Клип барысында біз Алдияр, Илья мен Азаматты байқадық, олар көрерменге лық толы сахнаға шыққалы тұр. Алайда жігіттер фанаттарға қарай шығуға асығар емес. Кейіпкерлер Яндекс Іздеуде күйбең тірліктің сұрақтарына жауап іздеумен әлек: бірі өзінің мына жалғаннан орнын тапқысы келеді, екіншісі "одан да биік шыңдарды" бағындырмақ, ал үшіншісінің бар ойы – демалып, тынығу. Нейрожелі көмегімен, түсінікті әрекеттер жоспары бар сервис әрқайсының сұрағына тез жауап береді. Ал музыканттар өз мақсат-тілектерінің іске асып жатқанын елестете бастайды.

Жаңа трек желісінде топ мүшелері қазақ тілді рэп-музыкадағы өз орнына шынайы баға беріп, өткерілген жолдың қорытындысын жасайды. Алдияр Жапарханов айтатын бөлікте: "Я стреляю хитами размером с кратера, но превратился из рэпера в детского аниматора, я могу позволить себе все, что захочу, но большинство из этого харам, так что промолчу" делінеді.

Шыншылдық – жаңа релиздің басты ерекшелігі, өйткені әр кейіпкер өмірдегі өзін сомдады. "ИК" тобының үш фронтмені сахна мен топтан тыс өмірдегі жеке мақсаттары, ермегі жайында баяндаған. Алдиярдың сүйікті саласы – кино әлемі, Азамат жеке бизнесін дамытумен жүр, Илья болса өзіне шабыт сыйлатын жаңа жобалармен айналысады. Әр кейіпкер тілектері орындалып жатқан жеке әлеміне тереңдейді. Алайда жігіттер арман-тілектеріне қол жеткізе ала ма екен? Алда не боларын ешкім білмейді.

"Осы клипте жігіттер өзін-өзі ойнау керек екенін бірден түсіндік. Азамат сахнасында модельдер ол негізін қалаған киім брендімен шығады. Клип таралған соң бұл бренд одан сайын таныла бастайды деп үміттенемін. Алдиярдың қызығушылығы киномен тығыз байланысты. Сондықтан клипте оны сол баяғы мінсіз фильм түсіруге үнемі тырысып жүрген режиссер ретінде көрсеткіміз келді. Менің ойымдағы Илья өмірден рахат ала білетін адам ретінде көрінеді. Сондықтан оның кадрдағы рөлі – ешбір қақтығыс, кедергісіз жақсылап тұрып демалу болды", - дейді клип режиссері.

Жаңа "30 не аут" трегін барлық музыкалық платформалардан тыңдап, клипін "ИК" тобының ҮТ каналынан тамашалаңыз.

Жобаға NOTO AGENCY маркетинг-агенттігі демеушілік көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2166756-iriny-kairatovna-tobynyng-30-ne-aut-zhanga-tregi-men-klipi-zharyqqa-shyqty-tuyndy-ne-zhaiynda/