"Эко жасатқан жоқпын": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босануына қатысты сұрақтарға жауап берді
Жарияланған күні:

Жақында отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева босанды. Әншінің әйелі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көпшіліктің сауалдарына жауап берген Мархабат Бесбаева кесір тілігімен босанғанын айтты.
"Екі баламды да өзім босанғанмын, ал үшіншісінде кесір тілігін жасадық. Өзің босансаң, сол сәтте ғана қиналасың. Ал кесір тілігін жасатсаң, жансақтау бөлімінде қиналып жатасың. Келесі күні отыра алмай, жүре алмай қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Жоспарлы кесір тілігін қойған. Бірақ бәрі Алланың қалауымен болады. Қызым бұл жарық дүниеге ертерек шығамын деді", - деді ол.
Осы ретте өнер иесінің әйелі ЭКО жасатпағанын айтып, көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды.
"Мен арнайы емделіп дайындалған жоқпын, ЭКО жасатқан жоқпын. Бұл Алланың бізге берген үлкен сыйы, шүкір", -деді Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы босанғанын айтып, сүйінші сұраған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2166853-eko-zhasatqan-zhoqpyn-meirambek-besbaevtyng-aieli-bosanuyna-qatysy-suraqtarga-zhauap-berdi/