jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Арзан күлкі шаршатты": Жұлдыз Әбдікәрімова отандық кино туралы ойын айтты

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде қазақ киносы туралы тақырыпты қозғап, оған қатысты қандай ойда екенін айтты. Өнер иесі бүгінде отандық туындылардан нені көргісі келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында оқырмандары жолдаған бірқатар сауалдарға жауап берді.

    Қайрат Нұртастың келіншегі отандық киноиндустрияда "арзан күлкі" сарындағы кинолар көбейіп кеткеніне шүйлікті. Актриса фильмдердің тәрбиелік мәні болғаны аса маңызды екенін атап өтті.

    "Шыны керек, арзан күлкі шаршатты. Көрерменнің сұранысы деп шектен шыққандай. Экранға шығатын дүниенің бәрі ой салса, тәрбиелік мәні болса деген ой мені мазалайды", - деп жазды өнер иесі.

    Сонымен қатар Әбдікәрімова мамандығын сөз етіп, актер болғысы келетін жастарға кеңес берді.

    "Актер болу үшін міндетті түрде оқу керек. Бұл менің бала күннен армандаған мамандығым", - деп жазды ол.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
    Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    "Арзан күлкі шаршатты": Жұлдыз Әбдікәрімова отандық кино туралы ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.