jitsu gif
Шоубиз

    Франциядағы БАҚ беттерінде Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Франциядағы Planète Paix журналының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі соңғы санында Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді. Бұл туралы Dimashnews.kz хабарлайды.

    "Димаш Құдайберген: әлем жұлдызы және бейбітшілік елшісі" деп аталатын мақалада автор әншіні Қазақстанды танытатын халықаралық негізгі әртістердің бірі ретінде атап өтеді. Сондай-ақ, Димаштың балалық шағынан бүгінге дейінгі шығармашылық жолы туралы айтылады.

    Автор өз туындысында Димаш татулық пен бірлік тақырыптарын бір емес бірнеше рет көтергенін, бұл әсіресе оның "Бір аспанның тарихы" атты ең ірі авторлық шығармасында жақсы суреттелгенін атап көрсетеді. Сондай-ақ, 2024 жылдың ақпан айында қазақстандық әнші БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі атанғаны да жазылған..

    Сонымен қатар, автор Димаштың татулық пен бірлік философиясы идеясы оның ерекше құрметке ие болған "Dears" атты жанкүйерлерінің тарабынан қолдау тапқаны туралы атап айтқан. Жыл сайын әртүрлі елдердің жанкүйерлері сүйікті әртістерінің ізімен дүние жүзінде түрлі гуманитарлық және экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жатқаны туралы да жазады.

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Айта кетейік Planète Paix – дүниежүзіндегі маңызды мәселелерді қарастырып, әлемді бейбітшілікке шақыратын ай сайынғы шығып тұратын Франциядағы жалғыз журнал. Журналдың контентін дайындауға Францияда ғана емес, шетелде де өз білімдерімен танылған танымал журналистер, бірлестік жетекшілері, шенеуніктер, суретшілер мен сарапшылар жұмыс істейді.

    Бұл журнал жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге дейін барлық деңгейде бейбітшілік орнатуға ұмтылған адамдардың ойларын, әрекеттері мен күш-жігерін көрсетуге жұмыс істейді.

    Франциядағы БАҚ беттерінде Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.