jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Басқаны қабылдамаймын": Айқын Төлепбергеннің анасы оның Жұлдызға үйленуіне қарсы болғанын айтып, жылап қалды

    Айқын Төлепбергеннің анасы
    Айқын Төлепбергеннің анасы. Видеодан кадр: Youtube/KTK TV

    Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепбергеннің анасы оның екінші некесі туралы жан сырын ақтарып, бастапқыда ұлының Жұлдыз Өмірғалиге үйленуіне қарсы болғанын жасырмады. Өнер иесінің анасы перзентіне бірінші келінінен басқа ешкімді қабылдмамайтынын кесіп айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айқын Төлепбергеннің анасы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында қонақта болып, ұлының екінші рет үйленген кезін еске алды. Ол бастапқыда баласының тағы да шаңырақ көтеруіне түбегейлі қарсы болған. Тіпті әнші ұлына "Әселден басқа келінді қабылдамаймын" деп айтқан болып шықты.

    "Әселден басқа келінім жоқ, басқа келінді қабылдамаймын" деп айттым. Бірақ әкесі "Баланың шешіміне қарсы болма" деді. Содан кейін батамызды бердік. Ұлым "Екі баланы ешқашанда жалғыз қалдырмаймын, жаныңа әкеп тұрамын, барып тұрасың. Бәрін толығымен өзім асыраймын" деп уәде берді. Сол сөзінде тұрды. Екі немерем үшін қиналдым. Аңсар мен Асылым үшін уайымдадым. Қасымда ғой, бірақ әкесінің қасында жүрген жоқ қой. Бір үйде қонып жүрген жоқ", - деп жылап қалды әншінің анасы.

    Сонымен қатар Айқын Төлепбергеннің анасы Жұлдыз Өмірғали туралы ойын айтты.

    "Жұлдызды қабылдадым. Бүгінде екеуінің екі баласы бар. Мінезі жақсы. Екеуміз жерлеспіз. Екеуміз де Жамбыл облысының қыздарымыз", - деді ол.

    "Басқаны қабылдамаймын": Айқын Төлепбергеннің анасы оның Жұлдызға үйленуіне қарсы болғанын айтып, жылап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.