Шоубиз

Зектілері

"Ренжіп, қырсығуға мүмкіндік жоқ": Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Жанболат пен Жазира
Жанболат пен Жазира. Видеодан кадр: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова күйеуі екеуінің қарым-қатынасы туралы сыр шертіп, арадағы түсініспеушіліктер қалай шешілетінін айтты. Өнер иесі өзге келіншектер секілді жолдасына ренжіп, сөйлеспей қоюға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова не себепті күйеуіне ренжіп, қырсыға алмайтынын Instagram-дағы парақшасында түсіндірді. Әншінің жазбасы оқырмандарын күлдірді.

"Ерлі-зайыпты болып тәулігіне 24 сағат бірге жүру қиын ба, жеңіл ма қалай ойлайсыздар? Мен де кейде ренжітсе ренжіп қалып, сөйлемей қойып, уақытша кетіп қалып басқа әйелдер сияқты қырғысайын десем ән айту керек болып қала береді", - деп жазды Байырбекова.

Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына түрлі пікір қалдырды.

"Тоқтамай күлдім. Расымен сіздердің өмірлеріңіз сондай ғой", "Шындық деген осы", "Ренжіп қалған кезде бір-біріңізге қарап, қалай ән айтасыздар", "Ән айтып, сосын бәрі ұмітіп кетеді десеңізші", "Өмірді ренішпен өткізбеу керек. Тез ұмыта салған жөн", "Өте жарасымды жұп, ренжіспеңіздер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2170848-renzhip-qyrsyguga-mumkindik-zhoq-zhazira-baiyrbekova-zheke-omiri-turaly-syr-shertti/