jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызғанып қалдық": Нұрболат Абдуллин концертке келген көрерменмен вальс биледі (видео)

    Нұрболат Абдуллин көрерменмен
    Нұрболат Абдуллин көрерменмен. Видеодан кадр: instagram.com/ nurbullin

    Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин қазір Қазақстанның әр қаласын аралап, концерт беріп жүр. Өнер иесі күні кеше Қызылордада өткен ән кешінде көрерменмен вальс билеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші концерттегі видео үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда сахнада тұрған Нұрболат Абдуллиннің бірнеше нәзік жандымен вальс билегенін аңғаруға болады.

    "Қызылорда болған соң қызыл көйлек кигенмен билеймін дегенмін ғой",- деп жазды әнші.

    Желі оқырмандары видео астына түрлі пікір жазып қалдырды. Олар сахнада өнер иесімен билеген қыздардың арманы орындалды деп есептейді.

    "Кеше неге Тараздың қыздарын биге шақырмадыңыз?","Қуаныш сыйлау оңай, ол - жылы сөз бен жылы жүз. Қыздардың бал-бұл жанған жүздері-ай", "Не деген бақытты қыздар, қызғанып қалдық", "Әр ән айтқанын, әр қимылын көріп отыра бергім келеді", "Әйелдер қуанып қалды", - деп жазды көпшілік.

    "Қызғанып қалдық": Нұрболат Абдуллин концертке келген көрерменмен вальс биледі (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.