jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат Нұртас емеспін ғой": Қанат Тасхан үйленгені туралы ақпаратты жоққа шығарды (видео)

    Қанат Тасхан
    Қанат Тасхан. Видеодан кадр: youtube.com/NTK Entertainment

    Жақында әлеуметтік желіде "Миллион" командасының мүшесі, әзілкеш Қанат Тасханның үйленгені туралы ақпарат тарады. Ал өнер иесінің өзі Revuenews бағдарламасына берген сұқбатында аталған мәліметті жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қанат Тасхан Зере есімді қызы бар екені, жақында оның тұсаукесерін өткізгені туралы ақпаратты да растаған жоқ.

    "Мені үйленді деп кім айтып жүр? Үйленсем, үйлендім деп айтпаймын ба? Оны жасырып не қыламын? Қайрат Нұртас емеспін ғой. TikTok қатты шулады, өзімді соншалықты танымалмын деп ойламаппын.

    Біздің қазақ өсекке құмар немесе мен қатты танымалмын. Мен үйленсем, бәрін шақырамын. Ал ол "Не жүріс?" деген әннің бейнебаяны, алдағы уақытта жарыққа шығады", - деді ол.

    Айта кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын "Миллион" командасының мүшесі Қанат Тасханның шаңырақ көтергені туралы ақпарат тараған еді. Беташардың видеосы TikTok желісінде қызу талқыға түскен болатын.

    "Қайрат Нұртас емеспін ғой": Қанат Тасхан үйленгені туралы ақпаратты жоққа шығарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.