jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Басы дауға қалып, қамауға алынған P.Diddy желіде жазба жариялады

    P. Diddy
    P. Diddy. Фото: Paras Griffin/Getty Images

    Ауыр қылмыс жасады деп айыпталып жатқан рэп орындаушы P. Diddy қамауға алынғаннан соң алғаш рет желіде жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    P.Diddy лақап атымен күллі әлемге танымал рэп орындаушы Шон Комбс қамауға алынған соң, алғаш рет Instagram-дағы парақшасында жазба жариялаған. Өнер иесі қызының суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады.

    "Туған күніңмен, Лав. Әкең сені жақсы көреді", - деп жазды рэп орындаушы.

    Әнші бұл жазбасының астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеген. Шон Комбстың бұл құттықтауы 10 сағатта 300 мың лүпілге ие болды.

    Айта кетейік, жақында көпшілікке P. Diddy лақап атымен танымал рэпер Шон Комбс адам саудасы мен басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ол 16 қыркүйек күні Нью-Йоркте ұсталып, қамауға алынды.

    Басы дауға қалып, қамауға алынған P.Diddy желіде жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.