jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жайдарманға" жаңа басшы келді

    Жанасыл Болатбек
    Жанасыл Болатбек. Фото: instagram.com/ jaidarman_production

    Қазақстандағы танымал жастар жобасы "Жайдарманда" кадрлық өзгерістер орнады. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақпарат "Жайдарманның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Ал бұған дейін жобаның атқарушы директоры болған Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды.

    "Бұл ретте "Жайдарман" жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жоспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді", - делінген хабарламада.

    Жанасыл Болатбек осыған дейін "Жайдарман" жобасының бас продюсері қызметін атқарған. Сонымен бірге Atameken Business телеарнасының Digital бөлімін басқарды. Ол елімізге танымал бірнеше жобаның ұйымдастырушысы қызметін атқарды.

    Айта кетейік, аталған жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдігі бар. "Жайдарман" 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда, 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген.

    "Жайдарманға" жаңа басшы келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.