jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Екі әлемнің адамымыз": Абай Бегейдің жұбайы әншімен қалай танысқанын айтып берді (видео)

    Абай Бегей келіншегімен
    Абай Бегей келіншегімен. Фото: Instagram/fari___za____zhan

    Отандық эстрада жұлдызы Абай Бегейдің жұбайы әншімен танысқан кезін еске алды. Ол бастапқыда ата-анасы өнер иесіне тұрмысқа шығуына қарсы болғанын жасырған жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фариза Жұманова әншімен қарым-қатынасы қалай басталғаны туралы "Айтарым бар" подкастында баяндады.

    "Желіде оқырмандарым күннен-күнге көбейіп жатыр. Сондықтан ол сұрақ қайталана береді. Мен ол кісімен танысқан кезде тұрмысқа шығамын деп ойламадым. Ол кісі ұсыныс жасаған кезде мен магистратурада оқыдым. Жасым 25-те еді, мақсатымның бәрі тек оқу болды.

    Қасымдағы ең жақын Гүлдана есімді құрбым тұрмысқа шығатын болды. Мен қыз жолдас болып барып, сол тойда танысып, келесі күні ол ұсыныс білдірді. Мен шок болдым, өйткені ол кісі әнші, мен исламтанушы. Екеуміз екі әлемнің адамымыз ғой. Кейін кездесіп кеттік. Ол кісінің маған ер мінезділігі ұнады. Айтқанын істейді. Жалпы жақсы қасиеттерімен баурап алды", -деді ол.

    Абай Бегейдің жұбайы әншіге тұрмысқа шығуына ата-анасы қатты қарсы болғанын да айтты.

    "Кейін анам мен әкеме айтқанда менен де қатты шок болды, көп ұрысты, қарсылық танытты. Мен іштей шешім қабылдап қойғаннан кейін артқа жол жоқ дедім. Жарты жылдай сөйлестік", - деді ол.

    "Екі әлемнің адамымыз": Абай Бегейдің жұбайы әншімен қалай танысқанын айтып берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.