Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды
Опубликовано:
Отандық танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялады.
"Бастамашы: СЖҚІА. Іздестіруді жүргізетін орган: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті", – делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2177984-sivi-mahmudiding-buryngy-kuieuine-izdeu-zhariialandy/