jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Сіз маған керек емессіз": Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады

    Баян Мақсатқызы
    Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

    Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы өзін күллі Қазақстанға танымал еткен режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады. Ол режиссердің алдында кінәлі екенін мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Баян Мақсатқызы белгілі журналист Дина Төлепбергенге берген сұқбатында Талғат Теменовты қатты ренжітіп қойғанын айтты. Продюсер бүгінде кінәсін түсініп, одан кешірім сұрағысы келетінін жеткізді.

    "Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Бір сәтте Орал қаласынан шыққан кішкентай Баянды барша Қазақстанға танымал жұлдыз қылған еді. Мен "Махаббат бекеті" фильміне түсіп бірден танымалдылыққа ие болдым. Кино шыққан соң мен Қазақстандағы ең танымал ару болдым. Кейін арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келген кезде "Мен киноға енді түспеймін", "Сіз маған енді керек емессіз" деп қатты айтып қойғаным бар еді. Талғат Теменов менің алғашқы ұстазым әрі көп нәрсені сол кісіден үйрендім. Реті келіп тұрғанда, сол кездегі қатігездігім үшін одан кешірім сұрағым келеді", - деді Баян Алагөзова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.