Шоубиз

Зектілері

"Дайындықты бастап кеттік": Ақбота Керімбекова жақсы жаңалығын жария етті

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: Instagram/botakerim

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова желіде жақсы жаңалығын жария етіп, тыңдармандарын қуантты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі желтоқсан айында үлкен жеке концертін бергелі жатқанын хабарлады. Әнші бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария еткен.

Керімбекова тыңдармандарымен қауышуға асық екенін айтты.

"2 желтоқсанда Астананың Филармония залында өтетін ән кешіме дайындықты бастап кеттік. Жанды дауыс, жанды дыбыс, бэк-вокал, jazz-band секілді шығармашылық ұжымдар қызу жұмысқа кірісті. Біздер намысқой адамдармыз ғой, еңсемізді жаншып, басқысы келген сайын биікке ұмтыламыз. Өйткені, өмірдің өзі бізді солай тәрбиелеген. Қыстың алғашқы күндеріндегі концертте жүздескенше, қазақ музыкасына адал талғамы биік тыңдарман", - деп жазды әнші.

Шоу-бизнес жұлдызы осы концертте асқақ арманы орындалайын деп тұрғанын жеткізді.

"Әнді сүйсең,менше сүй. Өз тыңдармандарымды асыға күтемін. Туған күн кешімді сіздермен бірге әндетіп,билеп өткізсем деген арманым. Аллам жақсы күндерді нәсіп етсін баршамызға", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2181630-daiyndyqty-bastap-kettik-aqbota-kerimbekova-zhaqsy-zhangalygyn-zhariia-etti/