jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ешкімнің басына бермесін": Балжан Бидаш бір жыл бұрын қандай күйде болғанын көрсетті (фото)

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

    Отандық танымал әнші Балжан Бидаш бір жыл бұрын басынан өткен оқиғаны еске алып, көпшілікке сол сәтте қандай күйде болғанын көрсетті. Өнер иесі бұл жайтты оқырмандарынан барынша жасыруға тырысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш өміріндегі бірқатар жағдайлардан кейін бет терісінің бұзылуына тап болғанын айтты. Сахнада жарқырап жүрген жұлдыз бетіне безеу қаптап, ел алдына шыққысы келмей қалғанын жасырмады.

    Бұл жайт өнер иесіне аса ауыр тиген. Ол сол кезеңде әр күнді жылаумен өткізгенін айтты.

    "Бұл жағдайды бір жыл бұрын сіздерден жасырып қалдым. Гримм де, фотошоп та көмектеспеді. Суреттерде бұл бер жағы ғана. Күн сайын көбейе берді. Күнде жылайтынмын. Сол Балжанды қатты құшақтағым келеді. Ешкімнің басына бермесін. Кез келген адамға соққы болары сөзсіз.Көзімде нұр жоқ. Бәрі бетіңді неге шашыңмен жауып аласың" деген сөздер де ауыр тиді", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында.

    Балжан Бидаштың Stories-i
    Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

    Балжан Бидаштың Stories-i
    Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.