Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасады (видео)
Опубликовано:

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісі Сәкен Қағаров оған үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауабын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Танымал блогер Сәкен Қағаров үйленуге ұсынысты аса ерекше жасау үшін барын салған. Адайбекованың сүйіктісі туған күніне оған шетелге саяхатты сыйлап, Исландиядағы сарқырамада өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.
Қос ғашық жеке өміріндегі бұл қуанышты жаңалықты Instagram желісінде жария еткен.
"Ол "Иә" деді", - деп қуанышын бөлісті Қағаров.
Желі қолданушылары жастарға ақ тілегін жолдап, лүпілдерін жаудырды.
"Бақытты болыңдар", "Өте жарасымды жұп", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өзіме қатты ұнайды осы жұп", "Қандай ерекше ұсыныс. Жарайсың, Сәкен", "Әр әйел бақытты болуға лайықты. Бағың ашылсын", "Құттықтаймыз, бақытты болыңдар", - деп жазуда көпшілік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2182788-aizhuldyz-adaibekovanyng-suiiktisi-ogan-uilenuge-usynys-zhasady-video/