jitsu gif
Шоубиз

    "Өшір деп айтады": Жазира Байырбекова қызына қатысты қызықты жайтты айтты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова қызы туралы қызықты жайтты айтып берді. Өнер иесі перзенті басқа әншілердің әндерін тыңдағысы келмейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жазира Байырбекова қызының балабақшасында болған қызықты оқиғаны "Төрелетіңіз" бағдарламасында айтқан.

    Эстрада жұлдызының сөзінше, перзенті анасынан басқа әншілердің бесік жырын мүлдем тыңдағысы келмейді. Ол тіпті өзге өнер иесінің туындысы қойылған бойда тәрбиешілеріне өшіруін өтінеді екен.

    "Балабақшаларда балаларды бесік жырын қойып ұйықтатады екен. Кейін менің әнім бітіп, басқа әншілердің туындылары қосылғанда Дара ұйықтамай, орнынан атып тұрып "Өшір, өшір" деп айтады екен. Оны апайы айтып жатыр. Сосын мен қызыма "Дара, менен басқа да әншілер ән айтады. Сен олай айтпа, ұят болады" дедім. Басқа әншілердің бесік жыры қойылса, өшір деп салады", - деді Байырбекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.