jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жазда үлкен той": Ерке Есмахан жақсы жаңалығын бөлісті

    Ерке Есмахан мен Райм
    Ерке Есмахан мен Райм. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмаханжеліде жақсы жаңалығын жария етіп, жанкүйерлерін қуантты. Өнер иесі келер жылы жазда үлкен той болатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан алдағы уақытта өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтып, елді таңғалдырған. Есесіне өнер иесі жолдасы екеуі отбасылық қуаныштарын біріктіріп, жазда үлкен той жасауға ниетті екенін жеткізді.

    Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында хабарлаған.

    "Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйыртса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйыртса жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады", - деп жазды Ерке Есмахан.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    "Жазда үлкен той": Ерке Есмахан жақсы жаңалығын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.